Ертең бас шыршаның шамдары жағылады

ЭКСПО іскерлік орталықта аумағындағы елдің бас шыршасы 20 желтоқсанда жағылады. Осыған дейін, шыршаның шамдары 18 желтоқсанда жағылады деп жоспарланған еді.

Алматы, NEGE. Салтанатты шарада қазақстандық әншілер өнер көрсетеді. Келушілер мұз төбешіктерінен сырғанай алады. Мерекелік бағдарлама "Нұр Әлем" сферасының астында болады. 

Сонымен қатар, ЭКСПО іскерлік орталықта мұз айдыны бар. 1300 шаршы метрлік мұз айдынында 200 адам бір уақытта сырғанай алады.

Конькилерді жалға алу - 500 теңге, ал өзімен алып келген жағдайда кіру тегін.

Дүйсенбі-жұма күндері 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. 

ЭКСПО аумағында кафе мен мейрамханалар жұмыс істейді, 3000 орындық жерасты тұрағы да бар. 

Желтоқсанның 21-27 аралығында 15:00 және 18:00, 28 және 29 желтоқсанда 12.00, 15.00 және 18.00-де "Нұр Әлемде" жаңажылдық "Құпия суперкүш" шоуы өтеді.

Танымал фильмдердегі және комикстердегі қаһармандары қонақтардың көңілін көтереді. "Нұр Әлем" сферасына билетпен кіреді. Алты жасқа дейінгі балаларға - тегін. Оқушыларға - 500 теңге. 

#жаңа жыл #экспо

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды