26 декабря 2021 г. 18:20

Ертең ауа райы қандай болады?

Фото:

Елдің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі.

Алматы, NEGE.  2021 жылғы 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды  «Қазгиромет».

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар, ал батысында жауын-шашын жауады. Солтүстікте, батыста, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, боран соғады, тұман түседі. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады», - деп жазылған хабарламада.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында боран соғады, тұман түседі, түнде солтүстік-батыста желдің күші – 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында түнде желдің күші – 15-20 м/с, солтүстік-шығыста боран соғады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде боран соғады, түнде батыста, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз оның екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында боран соғады, шығыста, орталықта желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде оның екпіні 23 м/с болады.

Қарағанды облысының шығысында күндіз боран соғып, көктайғақ болады, орталықта тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында боран соғады, түнде 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында күндіз боран соғып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Алакөл ауданында 18-23 м/с жел күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 

Түнде Маңғыстау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

 Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Тегтер: