Ертең ауа райы қандай болады?

Елімізде алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. 7 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

7 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Павлодар қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

7 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Көкшетауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді.

7 қыркүйекте таңертең және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. 7 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қостанай қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Петропавлда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек