Ертең 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Алматы. NEGE. 2 маусымда Ақмола облысын ы ң кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Көкшетау қаласын да найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ертең Н ұр-Сұлтан қаласын да күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел қарқыны - 15-18 м/с.

2 маусымда күндіз Қызылорда облысында 44 градус аптап ыстық болады.

2 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан сощққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

2 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады.

Ертең күндіз Атырау қаласында 35-37 аптап ыстық болады.

2-4 маусым күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды