Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Ерсайын Нағаспаев жоғары білімді, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте, Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастады. ҚР Сыртқы істер, көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Вице-премьердің кеңесшісі болды. «Ақтау халықаралық порты» РМК-да жұмыс істеді, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты