Ернар Айдарға Таразда түсірілген видеосы үшін айыппұл салынды
Жамбыл облысы полиция департаменті әнші Ернар Айдардың Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.
Алматы, NEGE. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жол қозғалысы қағидаларын әдейі бұзып, заң талаптарына ашық түрде құрметсіздік көрсеткен. Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған.
Тексеру барысында автокөлік иесі анықталды. Ернар Айдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, ол көлікті тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін айыппұл салынды.
Полиция жолдың әзіл мен жарнамалық түсірілім жасайтын орын еместігін ескертеді.