6 февраля 2022 г. 9:54
Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды
Алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, Нарымбаев Алматы Халықаралық әуежайында Киев қаласынан келгеннен кейін ұсталған.
«Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев 2015 жылдың 12 қазанында ұсталған болатын. Оған себеп – олардың әлеуметтік желілерде ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті қорлау, ұлттық ар-намысты қорлау белгілері бар ақпаратты таратуы туралы ақпарат болған. Олардың тұратын жері бойынша прокурор санкциялаған тінту жүргізілді, соның нәтижесінде заттай айғақтар алынды.