Ермек Тұрсынов елден кеткен соң Антикор мәлімдеме жасады

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов елден кеткен соң Антикор мәлімдеме жасады. 

жеке мұрағаттан

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын хабарлады.

Тұрсыновтың Facebook-те берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз болып шықты.

– Сонымен қатар бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке “Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен “Долгое эхо” көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы “Н” режиссерінің жүгінгенін хабарлаймыз. Оның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жеткізуші – Alashfilm ЖШС, оның бұрынғы директоры “Т” азаматы болды. Бұдан әрі оның бұрын “Тұрсыновфильм” ЖШС аясында режиссер Тұрсыновтың бизнес-серіктесі және серігі болғаны анықталды. Alashfilm ЖШС бұрынғы директоры “Т” қатысуымен куәгер мәртебесінде бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді, – делінген хабарламада.

Ведомство Тұрсыновтың өзі тергеу органына шақырылмағанын нақтылады.

Қазіргі уақытта іс бойынша ешкім күдікті деп танылмаған.

Еске салайық, мұның алдында режиссер Ермек Ермек Тұрсынов елден кетіп қалғанын хабарлаған едік. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды