Ермек Көшербаев елшілік қызметке оралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады.

gov.kz

Астана, NEGE. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымын қатар атқарады.

Айта кетейік, Ермек Көшербаев 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін басқарды. Сонымен қатар әр жылдары премьер-министрдің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі және Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған.