Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып сайланды

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлім етті. 

ОКҚ

Алматы, NEGE. Облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және «Шахтер» ФК-ын Премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойды.

Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында «Шахтер» ФК филиалдары ашылады. Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды. Облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және «Шахтер» ФК-ын Премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойды.

Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында «Шахтер» ФК филиалдары ашылады. Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас дарынды футболшыларды іздеуге көмектеседі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты