Ерлі-зайыптылар зейнетақысын біріктіру арқылы ерте зейнетке шығуы мүмкін

Туыстар мен ерлі-зайыптылардың зейнетақы қорын бірлестіру арқылы, екі адам да ерте зейнетке шығуға мүмкіндік алады.

Алматы, NEGE. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Әжібек Сағи Қалиұлы елімізде бірлескен аннуитет алу мүмкін болатынын жеткізді.

"Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге және кірістерді осындай аннуитетпен қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер ерлі-зайыптылардың бірінде өмірін сақтандыру компаниясынан аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы олардың екеуі де  ерте төлемдер ала алады", - дейді маман. 

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты