Ерлан Тұрғымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Президенттің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.

Ол осы қызметті 2019 жылдың ақпанынан бері атқарған еді. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.

Тұрғымбаевтың орнына Марат Ахметжанов келді.