Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығымен Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев қызметінен босатылды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Бұған дейін Ә.Исекешевтің Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалғаны, ал Ғ.Нұрдәулетовтің бас прокурор лауазымынан босатылып, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалғаны белгілі болған.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ