Ерлан Серікжанов Токио Олимпиадасында ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов (66келі) Токио Олимпиадасында жеңіліп қалды.

Алматы,  NEGE. Ол бірінші кезеңде әзербайжандық Орхан Сафаровпен кездесіп, овертаймда "вазари" ұпайымен жеңген.

Ширек финалға берілер жолдаманы Серікжанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардомен сарапқа салып, қарсыласына есе жіберді. Жекпе-жек аяқталар тұста Ломбардо "вазари" ұпайын алды.

Ерлан Серікжанов - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жасы - 26-да. Ол - 2018 жылғы әлем чемпионаты мен 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты