Ерлан Қарин Мемлекеттік кеңесші лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Қарин Мемлекеттік кеңесші лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19- тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік кеңесшіні Мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады. Мемлекеттік кеңесші тек Президентке бағынышты. Мемкеңесшінің негізгі қызметі – мемлекеттің ішкі саясатын үйлестіру.