Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырмақ

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырады. «Бүгін QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырамын. 21-22 күннен кейін екінші рет егілу қажет», – деп жазды Ерлан Қарин Facebook-парақшасында.

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 25 желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі Е.Қарин клиникалық зерттеуден тыс өз келісімімен QazCovid-in вакцинасын салдырған еді.

2020 жылдың 19 желтоқсанда ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вацинасына клиникалық сынақтың ІІІ фазасы басталды.

Жалпы клиникалық сынақтың I және II фазасына 244 қазақстандық қатысты. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін көрсетті.

ІІІ фазаға 3 мың ерікті қатысуда. Зерттеудің барлық қатысушыларына бірреттік сыйақы мен медициналық сақтандыру төленеді.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес