Ерлан Қарин: Бұрын бір тақырыпты мыжи беретін едік

Елордада өтіп жатқан Қазақ тілінде контент жасаушылардың дәстүрлі бесінші форумы өтіп жатыр.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Форум отырысының модераторы Президент көмекшісі Ерлан Қарин мырза: «Бұрын бір тақырыпты мыжи беретін едік. Бұдан біраз жыл бұрын қазақ сайттары неге аз?» деген мәселені айтатын едік. Қазір монетизация, жарнама тарту жайын талқылайтын болдық»,  – деді сөзінің басында.