Еркін күрестен лицензиялық турнирге Нұрғожа Қайпанов қатысады

9-12 мамыр күндері Түркияның Стамбул қаласында өтетін күрес түрлерінен соңғы іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов 74 келі салмақта Нұрғожа Қайпановтың белдесетінін мәлімдеді. Бұған дейін аталған салмақта Талғат Сырбаз күреседі деп жоспарланған.

"Талғат Сырбаз белін жарақаттап алды. Сол себепті, Стамбулдағы турнирге Қайпанов қатысады", - деді бас бапкер.

Нұрғожа Қайпанов Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық турнирге қатысып, жартылай финалда ирандық балуанға ірі есеппен жол берген еді.

Еске салайық, еркін күрестен Қазақстан командасында 57, 65 және 74 келі салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты