Еркін күрестен Қазақстан командасы лицензиялық турнирге дайындықты бастады

Еркін күрестен Қазақстан командасы лицензиялық жарыс қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Балуандар "Ақбұлақ" базасында жаттығуда. Спортшыларды алда үш жарыс күтіп тұр, оның екеуінде Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.

– 11-16 сәуір – Азия чемпионаты

– 19-21 сәуір – Азия аймақтық лицензиялық турнир

– 9-12 мамыр – әлемдік лицензиялық турнир