Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін Халықаралық турнирде өнер көрсетеді

9 тамызда Ақтөбеде Wrestling Stars League 4 атты ірі халықаралық күрес турнирі өтеді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Оған Қазақстан құрамасынан бірнеше балуан қатысады. 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан белдеседі.

Оның қарсыластары – ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.

79 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ергешке ресейлік Магомед Магомаев қарсылас болады.

65 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қырғызстандық Нурсадык Нурдиновпен белдеседі.

Сондай-ақ, кардта өзге де жекпе-жектер бар.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды