Еркінбек Шоқай шенеунік пе, имам ба?

Оразаның алғашқы күні Шымкент қаласының имамдары коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл жайлы әлеуметтік желілерде, ҚМДБ-ның ресми сайтында хабарланды.

Шымкенттік имамдардың вакцина салдырып жатқан суретін ең алдымен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Игі һәм дұрыс шара. Бұл бастаманы ірі мегаполистер Нұр-Сұлтан мен Алматының имамдары қолдай ма?

Шымкенттің екпе салдыруға кезек күткен имамдары

Тілшіміз Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайға хабарласып, «Алматының имамдары вакцина салдыра ма, жоқ па? Өзіңіз вакцина салдырасыз ба? Салдырсаңыз, қайсысын салдырасыз?» деген бірқатар бейбіт сұрақтарға жауап алғысы келген. Алайда Еркінбек Шоқай тілшіге дүрсе қоя берді. 

«Мезі етіп жібердіңдер ғой, тіпті! Сұрақтарыңды уатсапқа жіберіңдер!», – деп ашу шақырды имамдардың бастығы. 

Ораза екенін, күн еңкейіп қалғанын ескеріп, үндемей қоя салуға да болар еді. Алайда қатардағы жай имам емес, Алматы қаласының бас имамынан осындай жауап естіген соң, үндемей қала алмадық. Себепсізден-себепсіз (себебі болуы да мүмкін) ашу шақырған бас имамның алда-жалда оразасы бұзыла қалса, оған біздің еш қатысымыз жоқ екенін алдын-ала ескертеміз.

Айтпақшы, уатсап желісіне жіберген сұрақтарымызға шенеуніктерше шолақ жауап беріліпті: «Вакцинаны алу-алмау – әркімнің ерік-құқығындағы дүние. Біз вакцина салдыруды ешкімге міндеттей алмаймыз. Дегенмен, имамдардың арасында өз денсаулығына алаңдағандары ел қатарлы вакцина салдырып жатыр».

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді