Еркін күрестен Камиль Куруглиев алтын медаль иеленді

Еркін күрестен Римде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Камиль Куруглиев Қазақстан құрамасына екінші алтын медаль әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Камил 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол финалға шығу түркиялық Ибрагим Бенеклиді (7:0), үндістандық Сахил Джагланды (5:3) және америкалық Максвелл Макэнеллиді (12:2) жеңген болатын. Алтын медаль үшін белдесуде Куруглиев венгриялық Муса Арсункаевты 11:0 есебімен жеңді. Еске салайық, бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта алтын медальді қазақстандық Дарын Әскербек жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды