Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар
Ерке Есхаман көпшілікті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза ұстаушыларға тілегін айтты. Әншінің өзі биыл ораза тұтпаған. Оған себеп те жоқ емес.
Алматы, NEGE. Ерке Есмахан ораза тұтқан, құлшылық еткен көпшілікке ақ тілегін арнады. Өзінің ораза ұстамағанын айтып, оның себебі барын жеткізді. Бұл жайт желідегі оқырмандарыны қызықтырып қойды.
"Рамазан айының бірінші күні! Ауыз ашып, рахаттанып отырсыздар ма? Ас болсын! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Ал мен биыл ораза ұстамадым. Оның бір жақсы себебі бар.????Бірақ ауызашар жасап, сауап жинаймын, бұйырса!
Құлшылық айы қабыл болсын! Әр отбасында береке, татулық, молшылық болсын. Алла әрбір жанға мықты денсаулық, жақсы табыс берсін. Осы ораза оң өзгерістердің бастауы болсын", - деп жазды Ерке Есмахан.
Желі қолданушылары әншінің нені меңзегенін, не себепті ораза тұтпағанын өздерінше болжады.