Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтты
Раим Бақтыгереев пен мұсылманша некесін қидырған Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтып берді.
Алматы, NEGE. Ол бұл туралы инстаграмдағы оқырманының сұрағанына жауап беру кезінде мәлімдеді.
"Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. "Менде де кемі біреуі болсын" деп, ақ тұлпар сұрадым", - деді Ерке Есмахан.