Еріген қар суы салдарынан үш облыста жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді.

QazAvtoJol

Алматы, NEGE. 23 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суы салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек