Ерғали Шамей – Азия Пара ойындарының чемпионы

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленді.

Алматы, NEGE. Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті. Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды.

«Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр