ERG Шахмұрат Мүтәліптің 40% үлесті сатып алғаны жөніндегі сыбысты теріске шығарды

Eurasian Resources Group өкілдері «компанияның 40% үлесі сатылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

ERG

Астана, NEGE. ERG-дің баспасөз қызметі бұл мәліметті ресми түрде теріске шығарды, деп жазады BES.media. Компания өкілдері қандай да бір жаңалық болған жағдайда ресми мәлімдеме жасалатынын атап өткен.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Акционерлік құрылымда қандай да бір өзгерістер болған жағдайда, компания мүдделі тараптарды хабардар ету үшін ресми мәлімдеме жасайды», – деп хабарлады ERG.

Шахмұрат Мүтәліптің ERG корпорациясының бұрынғы акционерлері Патох Шодиев пен Александр Машкевич өкілдерімен келісімге келгені туралы бұған дейін Financial Times жазған болатын.

«Integra Construction KZ» құрылыс тобының қожайыны Мүтәліптің ERG корпорациясының 40 пайыз акциясын сатып алғаны жөніндегі ресми мәлімдеме жаңа жылға дейін жариялануы тиіс деп болжанған еді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады