27 мая 2025 г. 16:54
ERG компаниясына қарасты шахтада тағы да төтенше жағдай: Үш жұмысшы зардап шекті
25 мамыр күні кешке «Қазхром» АҚ-ның Дон тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасында өрт шықты.
Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға болған сәтте шахтада үш кезекші электрослесарь жабдық орнатып жатқан. Олардың барлығы әртүрлі дәрежедегі күйік алған.
Зардап шеккендер дереу шығарылып, сағат 23:50-де жедел жәрдем қызметіне тапсырылған. Денсаулық сақтау басқармасы олардың Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенін, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.
Бұл аталмыш шахтада болған алғашқы жағдай емес. Биыл ақпан айында дәл осы нысанда болған өрт салдарынан төрт кенші жарақат алған болатын.