Ереванда ереуіл болып жатыр
Таулы Қарабақ бойынша бітімге қол қойылғаны туралы жаңалықтан соң Армения астанасы Ереванда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.
Алматы, NEGE. Наразы топ Әзірбайжанмен жасалған келісімге қол қойған премьер-министр Никол Пашинянды сатқын ретінде орнынан кетуді талап етті.
Түн ортасы ауа наразы топтың бір бөлігі Армения үкіметінің ғимаратына басып кіріп, мәжіліс залын талқандады.
Тағы бір наразы топтың армян премьерінің резиденциясын шабуылдағаны туралы хабарланды. Никол Пашинян әзірге халыққа Facebook желісі арқылы мәлімдеме жасап, Ереванда бүлік шығарғандардың қатаң жазалайтынын айтты.
Еревандағы ереуілге Армениядағы бірқатар оппозициялық партияның өкілдері де шыққан. Олардың дені Таулы Қарабаққа қатысты бітім құжатын сатқындық деп бағалап, Пашинян үкіметін биліктен кетуді және бұл келісімнен біржақты шығуды талап етуде.
Армения Қарулы күштері Бас штабының басшысы Оник Гаспарян Пашинян үкіметіне оппозициядағы «Дашнакцутюн», «Өркендеген Армения» және «Отан» партияларының жетекшілерімен кездесті.
Ереуілге шыққандар жақтастарын талаптары орындалмайынша алаңнан және үкімет үйінен кетпеуге шақыруда.
Бүліктің алдында ғана Армения премьері Никол Пашинян бітім туралы келісімге қол қойғанын және бұл өзі үшін аса ауыр шешім болғанын мәлімдеген. Ол сонымен бірге: «бұл жеңіс емес, бірақ өзің мойындамайынша жеңілмейсің» деді.