2 декабря 2025 г. 11:48

Ерекше балалардың аналарын «жүргіш» деген блогер полицияға жеткізілді

Фото: Видеодан скрин

​Астанада ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарын қорлаған блогер ұсталды.

Астана, NEGE. Әлеуметтік желіде блогер әйел ерекше балалардың дүниеге келуін аналардың «жүргіш» болғанымен байланыстырған. Бұл сөз ата-аналардың ашу-ызасын туғызып, үлкен дауға айналды. 

Полиция блогердің әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғады. 

«Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», – деп хабарлады ведомство.

Полиция азаматтарды контент жариялау кезінде жауапты болуға, өзге адамдардың құқығы мен сезімін құрметтеуге және қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырды.