Ердоғанның дәрігері ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарды

Түркиялық депутат әрі дәрігер Режеп Шекер ұшақта қазақстандық нәрестенің өмірін құтқарып қалды. Ұшақ Ыстамбұл - Бішкек бағытында ұшып бара жатқан, деп хабарлайды түркиялық Anadolu.

Алматы, NEGE.  Ұшақ бортында қазақстандық сәбидің жүрек ұстамасы болған. Жолсеріктер сол сәтте Режеп Шекерден көмек сұраған. 

"Стюардесса келіп, борттағы нәрестеге көмектесуімді өтінді. Баланың пульсі болмады, ол көгеріп, жүрегі тоқтап қалды. Мен жүрекке массаж жасап, жасанды тыныс бердім, сол сәтте нәресте өзін жақсы сезіне бастады", - деді Реджеп Шекер.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді