Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды

АҚШ-тың Пенсильвания штатында ислам уағызшысы және FETO қозғалысының басшысы Фетхуллаһ Гүлен қайтыс болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 84 жастағы Гүлен ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы оның немере інісі Эбуселеме Гүлен X әлеуметтік желісінде хабарлады. 

«Фетуллаһ Гүленнің ақтық демі үзілді. Алла Тағала рақымына бөлесін», – деп жазды Эбуселеме Гүлен X әлеуметтік желісінде.

CNN Turk арнасының таратқан ақпартынан, Фетхуллах Гүленнің соңғы жылдары бүйрегі ауырып, қант диабеті және деменциямен күрескені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Түрік билігі оны 2016 жылы әскери төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған болатын. Төңкеріс салдарынан 251 адам қаза тапты. Гүленнің өзі Түркияда сырттай айыпталып, Анкара Вашингтоннан оны елге экстрадициялауды талап еткен. Түркияда оның FETO қозғалысы террористік ұйым деп танылған. 

Фетхуллаһ Гүлен 1941 жылы Түркияның шығысында дүниеге келген. Діни экстремизмге және исламды саясиландырудың түрлі формаларына қарсы шыққан мұсылман әлемінің ең ықпалды ғалымдарының бірі болды. Ол Түркияда және басқа елдерде, соның ішінде Орталық Азияда оқу мен тәрбие беру, мектептер ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.

Ол 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрып келді. 

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ