Ердоған Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Түркия президентінің құттықтауы мен ізгі тілектері үшін шынайы алғысын білдіріп, бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтардың маңызды екенін айтты.

Тараптар бауырлас елдердің ортақ мүддесіне сай келетін тың бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр