Ердоған Таулы Карабахқа бармақ 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Таулы Карабахтағы Әзербайжанның қарамағына өткен Шуша қаласына бармақ.

Алматы, NEGE. Ол бұл жоспарын қасиетті Рамазан айы аяқталған соң жүзеге асырмақ. Бұл туралы Түркі кеңесінің саммитінде айтылды.

«Біз бауырлас Әзербайжанның жанында болуды жалғастырамыз. Таулы Карабахта түркі құндылықтарын қорғай бермекпіз. Бауырларымыз өз жеріне оралуы үшін өңірді аяққа тұрғызу маңызды. Рамазан айынан соң Шуша қаласына барып, сол жерде мерекені атап өтеміз деп үміттенемін», – деді Ердоған.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін