Ердоған Швеция мен Финляндияға шарт қойды

Түркия президенті Режеп Ердоған НАТО-ға кіруге өтініш берген Швеция мен Финляндияға шарт қойды.

Алматы, NEGE.  Стокгольм бұл үшін бірінші кезекте ресми Анкара "қара тізімге" қосқан "Күрдістанның жұмысшы партиясын" террористік ұйым деп тануға тиіс. Сондай-ақ Түркияға қару-жарақ экспорттауға салынған тыйым алынуы керек. Бұл туралы Ердоған швед премьер-министрі Магдалене Андерссонға телефонмен сөйлескен кезде айтты. Экстремистік күштермен күреске қатысты талабын түрік басшысы Финляндия президенті Саули Ниинистёге де жеткізді. Ердоғанның айтуынша, Хельсинкидің бұл бағыттағы жұмысы жеткіліксіз. Айта кетейік, Швеция мен Финляндияны қатарына қабылдауға НАТО басшылығы ниет білдіргенімен бұған әскери одақтың белді мүшесі Түркия қарсылық танытып отыр.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін