Ердоған мен Путин Сочиде кездесті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Сочиге ұшып келді.

Алматы, NEGE. Екі ел басшыларының кездесуі халықаралық қауымдастықтың назарын аударды, өйткені келіссөздің мақсаты астық келісімін талқылау болып отыр. Түркия президенті Сочиге бір күндік жұмыс сапарымен барған.

Путин мен Ердоған соңғы рет 2022 жылдың қазан айында Астанада өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитінде жеке кездескен.

Шілде айында Ердоған Путиннің Түркияға келуге дайындалып жатқанын мәлімдеген, бірақ кейінірек, тамыз айының соңында түрік басылымдары Yeni Şafak пен NTV Түркия президентінің Ресейге баратынын хабарлады. 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті