Ердоған Қазақстанға келе жатыр

Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Түркия Президенті Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурызда Қазақстандағы Түркістан қаласына барады деп жоспарланды», – делінген хабарламада.

2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі – қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Тоқаев пен Ердоған Түркия президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауға келіскен болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті