Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуына қарсы

Түркия Президенті  Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуына қарсылық білдірді. Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған Анкарада Алжир президентімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл елдердің лаңкестік ұйымдарға қатысты айқын – ұстанымы жоқ. Олар «Жұмысшы Күрдістан партиясының лаңкестері мен Фетхуллах Гюлленді қолдаушыларды жасырып отыр», - деді Ердоған.

Еске сала кетейік, Украинадағы ахуалға байланысты Стокгольм мен Копенгаген бейтараптық мәртебеден бас тартып, Солтүстік Альянсқа қосылуға бет бұрды.    

– Екі елдің де террорлық ұйымдарға қатысты ашық әрі нақты ұстанымы жоқ. Олар лаңкестік ұйымдарға қарсымыз дейді. Бірақ өзіндегі содырларды бермейтінін айтады. Біз оларға қалай сенеміз. Қос елдің өкілдері Түркияға келмекші. Бізді сендіруге тырыспақ па? Ондай жағдайда НАТО қауіпсіздік ұйымы болудан қалып лаңкестік ұйымдардың шоғырланған орнына айналады, - деді Ердоған.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін