Ердоған емделіп шықты

Коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін оқшауланған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның COVID-19-ға тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Түркия көшбасшысының емдеуші дәрігері, профессор Серкан Топалоғлы мәлімдеді.

«Соңғы екі күнде тапсырған ПТР-сынама теріс нәтиже берді», – деді ол.

Дәрігердің айтуынша, мемлекет басшысы ертең жұмысқа оралуы мүмкін.

«Менің ойымша, жақын арада, тіпті ертең президент әдеттегі жұмыс уақытына оралады», – делінген хабарламада.

Ердоғанға коронавирус диагнозы қойылғаны 5 ақпанда белгілі болды. Ол аурудың жеңіл белгілері басталғаннан кейін жұбайымен COVID-19-ға сынама тапсырып, тест оң нәтиже бергенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр