Ердоған босқындардан шаршады

Түрік билігі елге шеттен ағылып жатқан босқындар мәселесін майшаммен қарап жатыр.

Алматы, NEGE. Түркия шекарасына 200-250 мың мигрант келе жатыр. Сирияның солтүстік аудандарындағы жағдай туралы пікір білдіре келе Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлім етті, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Түркия басшысының айтуына қарағанда, көш тізгінін тоқтату үшін қажетті шаралар қолға алынуда. Алайда бұл адам өміріне қатысты іс болғандықтан, көшті тоқтату оңай шаруа емес.

Түркия қазірдің өзінде бес миллионға тарта босқынның үйіне айналған. Ел басшысы олардың төрт миллионы сириялықтар екенін еске салды.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ