Ердоған әскери операция бастауда

Түрік қарулы күштері Сирия Араб Республикасының (САР) аумағында жаңа трансшекаралық операцияны жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі YeniŞafak-қа сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Түркия әскері елдің оңтүстік-шығыс шекараларында қауіпсіз аймақтар құру үшін осындай лаңкестікке қарсы операцияларды жүргізген болатын.

«Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» және «Көктемгі қалқан» әскери операциялары сәтті операциялар болып саналады. Олардың кейбіреулері бірнеше рет өткізілді. Қазіргі бесінші антитеррористік операция «Барыш пынары» деп аталады.

Бұл түрік тілінен аударғанда «Бейбітшілік көзі» деген мағынаны білдіреді. Лаңкестікке қарсы бесінші операция Сирияның солтүстік бөлігінде өткізілмек. Министрлер кабинетінің отырысынан кейін ұлтқа жасаған үндеуінде Р. Ердоған мұндай жағдайларда Түркия Қарулы күштерінің негізгі мақсаттары елдің оңтүстік өңірлерінің ғана емес, бүкіл республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа ештеңе емес екенін айтты.

«Біз оңтүстік шекараларымыздың бойында 30 шақырымдық қауіпсіздік аймағын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. «Бейбітшілік көзі» операциясы Түркияға қатысты террористік қауіпті бейтараптандырады және сириялық босқындардың туған жерлеріне жайлы оралуын жеңілдететін қауіпсіз аймақ құруға мүмкіндік береді. Біз Сирияның аумақтық тұтастығын сақтап, аймақ халқын лаңкестерден азат етеміз», – деді Түркия президенті. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін