Ерболат Досаев алматылықтарға Қазақстан Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады

Республика күніне орай Алматы әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қаланың 75 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Алматы, NEGE. Марапатталғандардың қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік, еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері мен түрлі сала өкілдері бар. 1-дәрежелі «Барыс» орденін Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» ЖШС директоры Герой Жолтаев алды, ал Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы композитор Эльмира Дехганиге берілді.

2-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Алматыэлектротранс» ЖШС автобус жүргізушісі Әкімжан Жұмабаев марапатталды. Сонымен қатар, «Парасат», «Құрмет», 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табысталды.

Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады