Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығарылды.
Астана, NEGE. Қор өкілдерінің түсіндіруінше, Үкімет қаулысына сәйкес, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қордың директорлар кеңесіне мүше болады.
Алайда 25 наурызда Ерболат Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылғандықтан, оның «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі де тоқтатылған.
Айта кетейік, Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына 2025 жылғы қыркүйекте тағайындалған болатын. Оған дейін 2022 жылғы қаңтар мен 2025 жылғы мамыр аралығында Алматы қаласын басқарды.