Ерболат Досаев Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтты.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Ерден Рашидұлы ұзақ жыл бойы мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды. Оны әріптестері қарапайымдылығы, іскерлік қасиеті және адамгершілігі үшін жоғары бағалады. Ол спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Біз үшін бұл орны толмас қаза, марқұмның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады», – деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы Ерден Хайруллиннің отбасына, туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, шын жүректен қайғырып, көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған