Ербол Шырақпайұлы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі - министрінің міндетін атқарады

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі - министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Алматы, NEGE. Ербол Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарған.

Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.