Ербол Хамитов парабиатлоннан әлем кубогында алтынға қол жеткізді

Финляндияда өткен парабиатлоннан әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі,  деп хабарлады BAQ.KZ.

Алматы, NEGE.Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды.

Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс – Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.

Еске сала кетсек, парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында өтіп жатыр.