Ербол Адаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорланың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Астана, NEGE. «Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.