Ералы Тоғжанов – Үкімет басшысының жаңа орынбасары
Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болды. Мәжіліс депутаттары үкімет басшысының орынбасары қызметіне Тоғжановтың кандидатурасын мақұлдаған.
Алматы, NEGE. «Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын» делінген президент Жарлығында.
Үкімет басшысының жаңа орынбасары 2017 жылдың наурызынан бері Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған. Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда БҚО Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).
Бұған дейін Қазақстан үкіметі басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев еді. Ол Қордай ауданындағы қақтығыстан кейін қызметінен кеткен Асқар Мырзахметовтің орынына Жамбыл облысына әкім болып барды.