Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

primeminister.kz

Астана, NEGE. Ералы Тоғжанов Маңғыстау, Ақтөбе облыстарын басқарған. Премьер-министрдің орынбасары, премьер-министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Ал бұған дейін Өзбекстандағы елші қызметін атқарған Бейбіт Атамқұлов лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Президент Әлібек Бақаевты Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы елшісі етіп тағайындады, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы елшісі ауысты. Бұл лауазымға Ерлік Әлидің орнына Амангелді Саинов тағайындалды.