Ер адам бірден үш әйелге үйленген

Үндістандағы Мадхья-Прадеш штанының тұрғыны бірден үш әйелге үйленді. Бұған дейін олар 15 жыл бірге тұрған, деп хабарлайды Times of India.

Алматы, NEGE. 42 жастағы Самрат Мурьяның тойына 6 баласы да қатысқан. Жергілікті дәстүрге байланысты салтанатты мерейтой үш күнге жалғасқан. Әйелдерінің ең жасы 30-да, үлкені 35 жаста. 

Үндістан көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынған. Бұған қарамастан кей ауылдарда ер адамдар екі және одан да көп әйелдермен отау құрады. Мурья әйелдерінің бірімен 2003 жылы некелесіп қойған. 

Үйленгендер той жасау туралы шешімді қауымның мойындауына ие болу үшін және ғибадатханаға баруға рұқсат алу және өзге де шараларға қатысу үшін қабылдаған.  

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін